Сирияда өлім-жітім короновирустан емес, атыс-шабыстан болып жатыр. Мұнда үріктің ондаған жауынгері қаза тапқаннан кейін Анкара Араб Республикасында авиациялық операция жүргізіп, президент Башар Асад армиясының жүздеген сарбазын мерт қылды. Және де Түркия қақпаны ашып, босқындарды Еуропаға жібере бастады. Осындай шақта Асадтың одақтасы Ресей Сирия жағалауына екі соғыс кемесін аттандырып отыр.
Ресей Сирияда үкімет күштерін, Түркия оппозицияны қолдап отыр. Мәскеудің қарсылығына қарамастан, президент Реджеп Тайып Ердоған Асад армиясы мен Ресейге Идлибті қолдан бермек емес. Сол үшін Түркия соңғы апталарда Сирияға мыңдаған жауынгеры мен ауыр техникасын енгізді.
Ал Кремль мен Дамаск Идлиб террористерден тазартылып, үкіметке қайтарылуы тиіс деп есептейді.
Түркия мен Ресей осы мәселе бойынша үш рет келіссөз жүргізді. Бірақ, нәтиже жоқ.
Ердоған осы диалогқа Батысты тарту үшін Еуропаға қақпаны ашып жіберетінін ескерткен еді. Бүгін Түркиядан Грекияға қарай босқындар лек-легімен аттана бастады.
Арыстан РЫСБЕК