Басты Жаңалықтар Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысынан 14 000 адам көшіп кеткен

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысынан 14 000 адам көшіп кеткен

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысынан 14 000 адам көшіп кеткен

Көші-қон саласындағы 2019 жылдың нәтижелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан 13 872 адам көшіп кетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,6% -ға көп. Олардың көпшілігі Ресейге тұрақтаған деп хабарлайды, СҚО Статистика департаменті.

Басқа өңірлерден елдің солтүстігіне тұрғындарды көшіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама солтүстіктегі көші-қонның тоқтауына көмектескен жоқ. 2019 жылы облыс халқы 5 717 адамға азайды.  

Шетелге кеткендердің 60%-ы Ресей Федерациясына, 40%-ы Қазақстанның басқа аймақтарына көшіп кеткен. Облыстың 406 тұрғыны алыс шетелге (негізінен Польша мен Германияға) кетті. Көшіп келгендер саны - 64 (көпшілігі Моңғолиядан - 79,7%). 

Сонымен қатар, Статистика департаментінің мәліметі бойынша, халықтың табиғи өсімінің мөлшері бір жылда небәрі 190 адамды құрады. Жаңа туылғандар саны 6 903 болса, қайтыс болғандар саны 6713 адамды құрады. Табиғи өсім өткен жылмен салыстырғанда 3,3 есе азайған.

Бөлісу