Анкара-Мәскеу келіссөздері сәтсіз аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкара-Мәскеу келіссөздері сәтсіз аяқталды

19.02.2020

Әлем назарын аударған тағы бір жайт. Түркия Сирия мен Ресейге соңғы ескерту жасады. Егер осы айдың соңына дейін президент Башар Асад армиясы Идлибтен кетпесе, Анкара оған қарсы операцияны бір-ақ түнде бастайды. Мұны бүгін президент Реджеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Және де ол Мәскеумен арадағы келіссөздердің нәтижесіз аяқталғанын хабарлап, диалогты әрі қарай жалғастыру қажеттігін атап өтті. Ердоғанның сөзінше, Анкара Сирия әскерін түрік шекарасынан алшақтатып, Идлиб провинциясын Түркия мен босқындар үшін, қауіпсіз аймаққа айналдырғысы келеді.

Бұл туралы келіссөздердің сәтсіз аяқталғанын Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та растады. Оның айтуынша, Сирияда қазір жергілікті жауынгерлерге ғана емес, Ресей сарбаздарына да шабуыл жасалып жатыр.

Бұл туралы келіссөздердің сәтсіз аяқталғанын бүгін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та растады. Оның айтуынша, Сирияда қазір жергілікті жауынгерлерге ғана емес, Ресей сарбаздарына да шабуыл жасалып жатыр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу