Қарағанды облысында көмір шахтасы өртенді
Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы «Қазақстан» көмір шахтасында өрт шығып, жер астынан 116 адам эвакуацияланды.
Төтенше жағдай 15 ақпанда сағат кешкі 21:30 шамасында болды. «Өртке 100 метр тереңдікте метанның жануы себеп», - дейді мамандар. Абырой болғанда, шахтадағы газ мөлшерін бақылайтын құрылғылар арқылы тау-кен диспечерлік бөліміне дер кезінде ақпарат түсіп, кеншілер аман-есен сыртқа шығарылған.
Тілсіз жауды сөндіруге сол күні кәсіби-авариялық құтқару қызметінің 60 маманы мен 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Көшпенділер ойынына Жамбыл облысынан 22 спортшы барады
20.08.2026, 13:25
Экологиялық жауапкершілі – әр азаматтың міндеті
20.08.2026, 13:20
Рахман қайнарынан Сексеуілге дейін 14 жоба жүзеге асуда
20.08.2026, 13:12
Қазақстан Еуразия көлік дәліздеріне инвестиция тартудан көш бастады
20.08.2026, 13:09
Алматыда мектеп автобустарын тексерді
20.08.2026, 13:06
Атырауда бір күнде 300-ден аса құқық бұзушылық анықталды
20.08.2026, 13:03
150 мың SMS жіберген алаяқтар ұсталды
20.08.2026, 13:00
Ақмола облысында үстел теннисінен ашық республикалық турнир өтті
20.08.2026, 10:15