Басты Жаңалықтар Рахман қайнарынан Сексеуілге дейін 14 жоба жүзеге асуда

Рахман қайнарынан Сексеуілге дейін 14 жоба жүзеге асуда

Рахман қайнарынан Сексеуілге дейін 14 жоба жүзеге асуда. Бұл жол құрылысында жүріп жатқан жұмыстар. Жалпы ұзындығы 3,7 мың шақырым. Ағымдағы айда бұл тізімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен тағы үш ірі жоба қосылды. Олар: «Бейнеу – Сексеуіл», «Қызылорда – Сексеуіл» және «Ұлғайсын – Сексеуіл» автожолдары. Бұдан бөлек биыл үш жобаны аяқтау көзделген. Тізімде  «Рахман қайнарлары», «Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолы және Атырау қаласының айналма жолы бар. Сондай-ақ 2027 жылы тағы үш жобаны аяқтау жоспарлануда. Яғни «Қызылорда – Жезқазған» автожолы, «Ақтөбе – Ұлғайсын» учаскесі және Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы келер жылы аяқталады.


Бөлісу