АҚШ-Мексика шекарасындағы дуал желден құлап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-Мексика шекарасындағы дуал желден құлап қалды

31.01.2020

Мексика мен АҚШ шекарасында тұрғызылған қабырғаның бір бөлігі күшті желден құлап қалды. Дуалдың 40 метрі зақымдалып, оны жөндеу үшін аймақтағы жолдар жабылған. 

Айта кетсек, АҚШ президенті Дональд Трамп бұл қорғанды Мексикадан ағылған заңсыз мигранттарды тоқтату үшін салдыртып отыр. Биыл қарашаға дейін оның тағы 650 шақырымы тұрғызылуы тиіс. 2016 жылғы сайлауалды науқанында Ақ үй басшысы қабырға құрылысының шығынын Мексика өтейтінін айтқан. Алайда көрші ел үкіметі оған қаржы бөлуден бас тартты.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу