Әсері күшті препараттардың заңсыз айналымына қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін
Әсері күшті препараттардың заңсыз айналымына қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін. Себебі, дәрілердің көмегімен нашақорлар синтетикалық есірткінің әсерін күшейтеді екен. Нақты қандай препаратты қалай қолданатынын депутат Снежанна Имашева Мәжілістің жалпы отырысында айтты. Ол атап өткен препараттардың барлығы дәріханаларда еркін саудаланады. Рецептсіз сатқандарға тек әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан, депутат синтетикалық есірткінің алдын алу үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды.
Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазіргі уақытта осы дәрілік заттарды рецептсіз бергені және олармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін тек әкімшілік жауаптылық қарастырылған. Күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы, олармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны, сондай-ақ оларды ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу ұсынылады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік жастар ойын алаңын қалыпқа келтірді
12.05.2026, 13:27
«Ясауитану» пәні үйірме ретінде енгізіледі
12.05.2026, 13:24
Қазақстан мен Ресейдің экономикалық байланысы нығая береді
12.05.2026, 13:21
Мұнай біртіндеп қымбаттай бастады
12.05.2026, 13:18
Пәкістандағы жарылыстан 7 адам қаза тапты
12.05.2026, 13:15
«Бекіре-2026»: 6 тонна балық тәркіленді
12.05.2026, 13:12
Есірткі өндірген ағайынды Арыста ұсталды
12.05.2026, 13:09
Шымкентте қылмыстық топты түрмеден басқарған
12.05.2026, 13:06