Еуропаның солтүстігіне «Малик» дауылы соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропаның солтүстігіне «Малик» дауылы соққы берді

31.01.2022

Еуропаның солтүстігінде күшті жел соғып, нөсер жауын жауды. Кей жерлерді қар басқан. Аймаққа «Малик» дауылы соққы берді. Бірнеше елде жүздеген мың үй электр жарығынсыз қалды. Жолдарға ағаш құлап, көлік қатынасы тоқтады. Нөсер жауын мен күшті желден әсіресе Германия зардап шекті. Белиц қаласында бір адам қаза тапқан. Елдің солтүстігінде темір жол қатынасы жартылай тоқтады. Ауа-райының қолайсыздығына орай Берлинде төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарға далаға шықпау туралы кеңес берілді.

Ұлыбританияда «Малик» дауылынан екі адам қайтыс болған. Мұнда 62 мыңдай үй электр жарығынсыз қалды. Кей аудандарда табиғи апатқа байланысты қауіптің «қызғылт» деңгейі жарияланған.

АҚШ-та қатты боран соғып, мыңдаған ұшақ рейсі кейінге қалдырылды. Бірнеше штатта төтенше жағдай жарияланған. 145 мыңнан астам тұрғын электр жарығынсыз қалды. Қолайсыз ауа райы туралы ескерту 80 мың адамға жіберілген. Боран кезінде жолда жүздеген көлік апаты тіркелді. 

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу