Талдықорғанда дауылдан ағаштар құлап, көлік пен адамдарды басып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда дауылдан ағаштар құлап, көлік пен адамдарды басып қалды

30.06.2022

Талдықорғанда нөсер жауын мен қатты желден бірнеше жерде ағаш құлап, көлік пен адамдарды басып қалды. Оқыс оқиға бүгін күндіз болған. Қалада күн күркіреп, жаңбыр жауған. Ал ұйытқып соққан жел бір көшенің бойында өсіп тұрған қара талдарды құлатқан. Соның салдарынан 59 жастағы тұрғын зардап шекті. Оның басына, иығына және аяғына зақым келген. Әйелдің жағдайы бірқалыпты, қазір ем қабылдап жатыр. Коммуналдық мекеме жұмысшылары көшелерді ағаштан тазартып тастады. Метеорологтар алдағы күндері Жетісу облысында аптап ыстық сақталады, дегенмен таулы аймақтарда күн күркіреп, жаңбыр жаууы ықтимал дейді. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу