Мексикада 10 кенші шахтадан шыға алмай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада 10 кенші шахтадан шыға алмай жатыр

17.08.2022

Мексика көмір шахтасынан екі апта бойы шыға алмай жатқан 10 кеншіні құтқару үшін АҚШ пен Германиядан көмек сұрамақ. Мұны осы елдің сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Мексиканың солтүстігіндегі «Пинабете» шахтасының қабырғасы тамыздың 3-інде құлап, кен орнына су кірген. Қазір құтқарушылар сол суды сыртқа шығарып жатыр.

Жұмысшылардың туыстары болса, шахтерлердің өміріне қауіп төніп тұрғанын қайта-қайта ескертіп, үкіметтен шұғыл қимылдауды талап етіп отыр.

Авторы: Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу