Қазақстандық волейболшы қыздар Әлем чемпионатын жеңіліспен бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық волейболшы қыздар Әлем чемпионатын жеңіліспен бастады

23.09.2014
Қазақстандық волейболшы қыздар Әлем чемпионатын жеңіліспен бастады

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Италияда басталған Әлем чемпионатын жеңіліспен бастады.

Қазақстандық волейболшылар алғашқы кездесуін былтырғы Әлем чемпионы Нидерланд құрамасымен өткізіп, 3:0 (25:21, 25:17, 25:21) есебімен ұтылып қалды.

Ертең волейболшы қыздар АҚШ құрамасымен ойнайды. Бұл ойынды «KАZsport» телеарнасынан Астана уақыты бойынша 14:30-да тікелей эфирде көрсетеді.

Еске салсақ, Қазақстан Нидерланд, АҚШ, Мексика, Таиланд, Мексика және Ресей құрамасымен «С» тобының мықтыларын анықтайды.

Хабарламаларға жазылу