Дональд Трамп Таяу Шығыс бейбітшілік жоспарын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп Таяу Шығыс бейбітшілік жоспарын жариялады

29.01.2020

Дональд Трамп Таяу Шығыс бейбітшілік жоспарын жариялады. Оған сәйкес Иерусалим бөлшектенбей, Израильдің астанасы болуы тиіс. Ал, болашақ Палестина мемлекетіне Шығыс Иерусалимнің шеткері ауданы ғана берілмек. Бірақ сол жердегі қасиетті орындар да Израильдің бақылауында қалады. Вашингтон Батыс жағалаудағы жауланған территорияларға заңсыз салынған еврей қоныстарын да Израильге тиесілі деп мойындауға дайын. 

Палестина автономиясының президенті Махмұд Аббас 50-беттік құжатты «құпия сөз байласу» деп атап, оның жүзеге асуына жол бермейтінін ескертті. Сонымен қатар, ол Иерусалим мен арабтардың саудаға салынбайтынын да мәлімдеді.  

Бұған қоса, Газа секторында жүздеген адам шеруге шығып, Трамптың ұсынысын «агрессивтік жоспарға» балап, оның палестиналықтарға ешқандай пайдасы жоқ екенін айтты.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу