Әлем державалары ымыраны күшейтуге келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем державалары ымыраны күшейтуге келісті

20.01.2020

Әлем державалары Ливияға жарияланған қару-жарақ эмбаргосы мен ондағы ымыраны күшейтуге келісті. Алайда бұл мемлекеттегі соғысушы тараптардың лидерлері бір-бірімен кездесіп, сөйлеспеді. 

Саммит Берлинде өтіп, оған Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы және Ресей, Ұлыбритания, Германия, Франция, Түркия, Мысыр елдерінің басшылары қатысты. 

Ливияның шығысын басып алған маршал Халифа Хафтар мен халықаралық қауымдастық мойындаған үкімет күштері арасындағы әскери жанжал былтыр сәуірде басталды. 

Бұл соғыста Ресей, Араб Әмірліктері, Мысыр және Африка жауынгерлері Хафтарды, Түркия биліктің армиясын қолдап отыр. 

Ливия премьер-министрі Файез әс-Сарадж бен ел астанасы Триполиди алуға күш салып жатқан Хафтар өткен аптада Мәскеуде де кездесіп, бейбіт келісімге қол қоя алмады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу