Иранда полицейлер шерушілерге оқ атты
Иран полицейлерлері Тегераннның «Азади» алаңында демонстранттарға газ шашып қана қоймай, оқ атты. Мұны шерушілер айтып отыр. Жергілікті тұрғындар билік украиналық ұшақты атып түсіргенін бірнеше күн бойы жасырғаны үшін митингке шыққан.
Үкіметке қарсылық сенбіде басталып, бүгін үшінші күнге ұласып отыр. Осындай акциялар Исфахан, Шираз, Хамедан қалаларында да өтті. Демонстранттар «Диктатура жойылсын!» деп ұрандатқан.
Дегенмен, Тегеран полициясының басшысы тәртіп сақшыларының халыққа оқ жаудырмағанын мәлімдеп отыр.
«Украина халықаралық әуе жолдары» компаниясының ұшағы сәрсенбі күні Тегеран маңына құлап, 176 адам мерт болды. Бұл оқиғаны кейіннен президент Хасан Рухани «апатты ағаттық» деп атаған еді.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ халқының көмескіленген этнографиясы
22.04.2026, 20:58
Сарапшы: Жаңбыр суын жинау тәжірибесі маңызды
22.04.2026, 20:11
Жасыл технология – табыс көзі
22.04.2026, 20:10
Астана экологиялық саммиті – әлем баспасөзінің назарында
22.04.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
22.04.2026, 20:08
Тұрғындар балаларын мектепке жіберуге қорқады
22.04.2026, 20:06
Өңірлік экологиялық саммиттің айшықты сәттері
22.04.2026, 20:06
Саммит аясында «Балалар денсаулығын қорғаудың заманауи стратегиялары» атты жиын өтті
22.04.2026, 20:05