Токио Олимпиадасына қатысушылардың төсегі картоннан жасалады
Токио Олимпиадасы мен Паралимпиадалық ойындарға қатысатын спортшылар жататын кереуеттердің тірегі картоннан жасалады. Бұл туралы ұйымдастырушылар хабарлады.
Ал матрасы пластиктен дайындалмақ. Ойын біткен соң бұлар өңдеуге жіберіледі.
Токиодағы Олимпиада ауылының менеджері Такэси Китадзиманың айтуынша, картон кереуеттер 200 келі салмақты көтере алады. Тіпті, олар ағаш төсектен де мықты көрінеді.
Олимпиада қалашығына осындай 18 мың кереует қойылады, ал Паралимпиада ойындары кезінде оның 8 мыңы ғана пайдаланылады.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасы биыл 24 шілде - 9 тамыз аралығында өтеді. Ал Паралимпиада ойындары 25 тамызда басталады, 6 қыркүйектте аяқталады.
bbc.com Фото: REUTERS
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтті
22.03.2026, 11:23
Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды
22.03.2026, 10:15
Шымкентте Наурыз мерекесі жаңа форматта ұйымдастырылды
22.03.2026, 09:10
Наурызнама: Бүгін — Ынтымақ күні
21.03.2026, 20:48
Нұра ауданының тұрғындары Наурыз мерекесін тойлады
21.03.2026, 20:45
Қаз шаруашылығын дамытуға арналған фестиваль өтті
21.03.2026, 20:09
Шетелдегі қазақтар Наурыз мейрамын тойлатты
21.03.2026, 20:09
300 сырмақ топтамасы ұсынылды
21.03.2026, 20:08