Қаңтарда ауа райы қандай болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтарда ауа райы қандай болады?

31.12.2019
Қаңтарда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 2020 жылдың қаңтарында ауа райы қандай болатынын айтты.

Консультациялық болжамға қарағанда, қаңтар айының бірінші онкүндігінде республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ, солтүстік жартысында боран және жел соғады деп болжанған.

«Бірінші онкүндіктің ортасында күн суытады деп күтіледі. Батыста ауа температурасы түнде 5-15 градусқа дейін төмендейді, солтүстік жартысында 10-25 градусқа дейін төмендейді, оңтүстік жартысында суықтың толқыны онкүндіктің соңына шығып, 3-11 градус аяз болады.​ Кезекті екі суықтың толқыны екінші және үшінші онкүндікте болады. Ауа температурасының едәуір төмендеуін айдың үшінші онкүндігінде күту керек. Солтүстік жартысында түнде 20-25, кей жерлерде 30, күндіз 15-20, кей жерлерде 10 аяз, оңтүстік жартысында түнде 17-22, кей жерлерде 12, күндіз 10-15, кей жерлерде 5 аяз болады», - делінген синоптиктердің хабарламасында. Жалпы қаңтар айында орташа ауа температурасы нормадан бір градусқа жоғары болады, тек республиканың батысы, солтүстігі мен шығысында кей жерлерде нормадан жоғары болады деп күтіледі.​Еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болады деп болжануда. Қазақстанның шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, қалған аумақтарда климаттық нормадан артық.

Хабарламаларға жазылу