Хашогджидің өліміне қатысты 5 адам сотталды
Сауд Арабиясында бес адам журналист Жамал Хашогджиді өлтірді деген айыппен өлім жазасына кесілді. Мұны әр-Риядта мемлекеттік прокурордың орынбасары Шалаан әш-Шалан мәлімдеді. Оның сөзінше, тағы үш адам 24 жылға сотталып, өзге үшеуі кінәсі дәлелденбегендіктен, қамаудан босатылған. Және де корольдік өкілдерінің сөзінше, бұл адамдар тілшіні қасақана өлтірмеген. Дегенмен, мұның алдында Саудия үкіметі репортердің әдейі өлтірілгенін мәлімдеген еді.
Хашогджи былтыр қазанның 2-де Сауд Арабиясының Станбулдағы консулдығында мерт болды. Ол 2017 жылы бірнеше досы тұтқындалғаннан кейін «Вашингтон пост» газетінде тақ мұрагері – Мұхаммед бин Салманды диссиденттерді қудалады деп сынап, бірнеше материал жариялаған еді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54