Гонконгте ұйғырларды қолдаған бейбіт шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгте ұйғырларды қолдаған бейбіт шеру өтті

23.12.2019

Бірақ ауқымды демонстрация полициямен қақтығысқа ұласты. Жанжал кезінде полицейлер шерушілерге бұрыш шашты. 

Манифестанттар «Ұйғырларды босат!», «Азат Гонконг!» «Жалған автономия геноцидке ұшыратады!» деп ұрандатты. 

Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы мен адам құқығын қорғау ұйымдары Шыңжаңда 2 миллиондай мұсылман өте ауыр жағдайда қамауда отырғанын жариялаған еді. Алайда ресми Бейжің бұл ақпаратты үнемі жоққа шығарып отыр. 

Ыстанбұлда да сан мың адам көшеге шығып, Қытайдан «қатыгездікті» тоқтатуды талап етіп, «Шығыс Түркістанның жалғыз еместігін» ескертті. Айта кетсек, германиялық түрік футболшы Месут Өзіл таяуда «ұйғырларды қудалауға қарсы тұрған жауынгерлер» деп атады. Содан кейін Қытай Сыртқы істер министрлігі Өзілдің «өтірік ақпаратқа» алданып жүргенін мәлімдеген еді.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу