Ресей мен Украина жаңа газ келісімін жасауға уағдаласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей мен Украина жаңа газ келісімін жасауға уағдаласты

20.12.2019

Мәскеу мен Киев Ресей газын Еуропа одағына тасымалдау мәселесі бойынша түбегейлі келісім жасауға жақын. Мұны Берлинде сегіз сағатқа созылған келіссөздерден кейін Еурокомиссия президентінің орынбасары Марош Шевчович мәлімдеді. Бұған дейін ол Ресей мен Украинаның көгілдір отын транзитіне қатысты позициялары бір-біріне мүлде қарама-қайшы деген еді.

Бұрынғы пәтуаның мерзімі 11 күннен кейін аяқталады. Ал Украина өз жерінен Ресей газын өткізгені үшін жыл сайын миллиардтаған доллар төлем алып отыр.

Еуропа одағы мен Киев Балтық теңізінің астынан салынып жатқан «Солтүстік ағын-2» құбыры іске қосылатын болса, Ресей Украина арқылы газ айдауды тоқтатады деп қауіптеніп отыр. Алайда, бейсенбі күні президент Владимир Путин күтпеген жерден мәлімдегендей, украиналық транзит Мәскеуге әлі қажет.

Арыстан РЫСБЕК

 

 

Хабарламаларға жазылу