Иранда шерулер кезінде мыңнан астам адам қаза тапқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда шерулер кезінде мыңнан астам адам қаза тапқан

06.12.2019

Иранда өткен айдың ортасында болған шерулер кезінде мыңнан астам адам қаза тапқан. Мұны Америка Құрама Штаттарының Иран жөніндегі арнайы өкілі Брайан Хук Мемлекеттік департаментте өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді. Сонымен қатар, оның сөзінше, демонстрациялар барысында мыңдаған адам жараланып, жеті мыңдай ирандық тұтқындалған екен. Және де Хук сол шерулер туралы Ислам Республикасынан 32 мыңдай видео алғанын жеткізді. 

Иранда бензин бағасының 300 пайызға көтерілуіне қарсы акциялар қарашаның 15-де басталып, 100-ден астам қалаға тарады. Вашингтонның дерегінше, Иранның революциялық сақшылар корпусы оқ жаудырып, адамдарды қырғынға ұшыратты. Мұны жоққа шығарған Тегеран құрбандар туралы ресми ақпаратты әлі жариялаған жоқ. Бұған қоса, Иран үкіметі көтерілісті АҚШ, Сауд Арабиясы, Израиль тәрізді «сыртқы жаулар» ұйымдастырды деп мәлімдеп отыр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу