«7-20-25» бойынша 12 мыңнан астам пәтер несиесі мақұлданды
«7-20-25 бағдарламасы бойынша несие алуға 22 094 өтінім қабылданды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Биыл қарашаның соңына дейін 249,7 млрд теңге сомасына 22 094 өтінім қабылданды. Оның ішінде 148,4 млрд теңге несиеге 12 955 өтінім мақұлданды», - делінген хабарламада.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады.
Айта кетейік, бұл бағдарламамен тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматтары ала алады. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7%-дан, бастапқы жарна — 20%-дан аспайды, несиені төлеу мерзімі – 25 жылға дейін. Ипотекалық бағдарлама бойынша несиелер тек ұлттық валютамен беріледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шеттегі қандастардың құрылтайы өтті
28.07.2026, 10:09
Алакөл жағалауында қауіпсіздік күшейді
28.07.2026, 10:08
Қазақстанда коллекторлық агенттіктердің қызметі өзгереді
28.07.2026, 10:07
Шымкентте 55 мыңнан астам адамның айыппұлы кешірілді
28.07.2026, 10:06
Франция мен Испанияда өртпен күреске мыңдаған маман жұмылды
28.07.2026, 10:06
Висконсин штатында алапат құйын көтерілді
28.07.2026, 10:05
БҚО-да қатты желден 5 мың абонент жарықсыз қалды
28.07.2026, 10:03
Коммуналдық қызмет атынан sms-код сұрағандарға сенбеңіз!
28.07.2026, 10:02