Иракта шерушілер «Умм-Қаср» портын қоршауға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта шерушілер «Умм-Қаср» портын қоршауға алды

18.11.2019

Иракта шерушілер Басра маңындағы «Умм-Қаср» шикізат портын қоршауға алды. Соның салдарынан оған жұмысшылар мен танкерлер кіре алмай отыр. Егер бұлай жалғаса берсе, бүгін порттың қызметі толық тоқтауы мүмкін.

«Умм-Қаср» — Ирактың Парсы шығанағындағы негізгі порттарының бірі. Ол шетелден бидай мен көкөніс майын және мыңдаған тонна қант қабылдайды. Жергілікті үкіметтің есебінше, осы нысан қазанның 29-ы мен қарашаның 9-да жабылғанда, ел экономикасы 6 миллиард доллар жоғалтқан.

Иракта жұмыссыздыққа, коррупцияға, ауыз су мен электр қуаты тапшылығына қарсы көтеріліс қазанның 1-де басталды. Содан бері қауіпсіздік күштері мен демонстранттар арасындағы қақтығыстардан 300-ден астам адам мерт болған. Қазір наразы жұрт саяси элитадан отставкаға кетуді талап етіп жатыр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу