Бүгін - Ұлттық валюта күні. Тәуелсіздік алып, еңсесін тіктеген Қазақ елі 1993 теңгені айналымға енгізген еді. Ақшамыз ширек ғасыр ішінде талай рет түрленіп, бейнесі де өзгерді. Сонымен бірге, 1997 жылдан бастап қолданысқа енген тиынның да талай түрі шықты. Тіпті, алтын-күмістен бөлек, жауһармен көмкерілгендері де жетерлік.
1992 жылдың 27 тамызында ең алғаш рет теңгенің үлгілері бекіген. Сөйтіп, теңгенің алғашқы авторлары Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғәбжәлелов ұсынған дизайн Ұлыбританияда басылып шықты. Ал, 1993 жылдың 12 қарашасында Елбасы валюта енгізу туралы жарлыққа қол қойғаннан кейін 15 қарашадан бастап айналымға түсті. Сол тұста 1 теңге АҚШ долларына шаққанда, 4 доллар 75 цент болған.
Мамандардың сөзінше, Ұлттық валютамызды сапалы етіп, қолдан жасайтын үлгілері жоқ. Себебі теңгенің әлемдегі ең озық «Спарк» қорғанышы бар. Қазір көптеген елдер банкнот шығару кезінде дәл осы технологияны пайдаланады. Айта кетейік, ғалымдардың пікірінше, теңге сөзінің шығу төркіні тереңде жатыр. Тіпті, орыстың «Деньги» сөзі осы теңге атауынан шығуы да ғажап емес.
Алмат ӘБДІРАМАН