Базалық мөлшерлеме 18 пайыз қалпында қалды
Базалық мөлшерлеме еш өзгеріссіз, яғни 18 пайыз деңгейінде қалды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы мәлімдеді. Тимур Сүлейменовтың айтуынша, жалпы базалық мөлшерлеме көлемі инфляцияға тікелей байланысты. Наурыз айында жылдық инфляция 11,7 пайыздан 11 пайызға дейін төмендеген. Бұған Үкіметтің инфляцияға қарсы қабылдаған шаралары ықпал етті. Мәселен, ақша-кредит саясатының қатаңдауы, теңге бағамының оң динамикасы, тұтынушылық несиеге сұраныстың төмендеуі, тұрғын-үй коммуналдық тарифтерге, жанар-жағармай бағасының өсуіне қарсы жарияланған мараторий шараларын атап өтуге болады. Ұлттық банк төрағасы жыл соңына дейін инфляция деңгейі 9 пайызға дейін төмендеуі мүмкін деген болжамын айтты. Егер сол межеге жетсе, онда базалық мөлшерлеме де төмендемек.
Ең бірінші, инфляцияға қарсы күресуде жалпы мәселе болған сияқты. Бірақ тәуекелдер көп әлі. Сондықтан осы отырыста базалық мөлшерлемені сақтап қалдық. Келесі отырыстарда егер инфляция баяуласа, төмендетуге дайынбыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы