Басты Жаңалықтар Алматыда көлік салығын төлемегендердің қарызы ₸7 миллиардтан асқан

Алматыда көлік салығын төлемегендердің қарызы ₸7 миллиардтан асқан

Алматыда автокөлік салығы бойынша берешек көлемі 7 миллиард теңгеден асқан. Бұл – былтырмен салыстырғанда 717 млн теңгеге немесе 11 пайызға жоғары көрсеткіш. Қалада салықты уақытылы төлемеген 85 мыңнан астам көлік иесі тіркелген. Осыған байланысты мегаполисте «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Рейдке мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары, полиция қызметкерлері және жеке сот орындаушылары қатысты. Тексеру барысында берешегі бар жүргізушілердің көліктері «Сергек» жүйесі арқылы анықталды. Егер жеке сот орындаушысының қаулысы болса, автокөлік берешек толық өтелгенге дейін айыппұл тұрағына қойылады. Мемлекеттік кірістер департаменті тұрғындарды салықты уақытылы төлеуге шақырып отыр. Қарызды кешіктіру қосымша шығындарға әкеліп, тіпті,  көлікті тәркілеуге дейінгі шаралардың қолданылуына себеп болуы мүмкін.

Айжан Бекеева, қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
Жүргізушіге берешекті өтеу ұсынылады. Төлем болмаған жағдайда жүргізуші көлікті өз еркімен арнайы тұраққа жеткізеді немесе көлік ПД арнайы техникасымен эвакуацияланады. Рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде және тұрақты негізде өткізіліп отырады.


Бөлісу