Англияда мектепте смартфон ұстауға тыйым салынды
Англия мектептерінде смартфон ұстауға мемлекет тыйым салды. Мұндай шектеу бұрыннан бар болғанымен, билік оны заңмен бекітті. Жаңа құжат оқушылардың телефондарын тәркілеуге, гаджетті жасырған баланы тінтуге рұқсат береді. Зерттеулерге сәйкес, елде 12 жасқа толған баланың 97 пайызында ұялы телефон бар, ал әрбір үшінші оқушы сабақ уақытында смартфонды мұғалімнің рұқсатынсыз пайдаланады. Шенеуніктердің пайымынша, гаджетті жиі қолдану онлайн-буллингтің көбеюіне апарып, білім сапасын төмендетеді, баланың тәртібіне кері әсерін тигізеді. Бірақ денсаулығында ақауы бар немесе мүмкіндігі шектеулі жандарға бұл тыйым қолданылмайды. Биліктегілер сондай-ақ оқушының миын улайтын платформалармен де күресті күшейтуді жоспарлап отыр.
Кир Стармер, Ұлыбритания премьер-министрі:
Платформалар тәуелділік тудыратын контентті әлеуметтік желілерде жайдан-жай жариялап жатқан жоқ. Олар кішкентайларымыздың ғаламторда көбірек уақыт өткізгенін қалайды. Біз бұған қарсы тұрып, кімнің жағында екенімізді нақтылауымыз керек.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді
08.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
08.06.2026, 20:08
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
08.06.2026, 20:08
Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
08.06.2026, 20:07