Басты Жаңалықтар Қазақстан климаттық мәселелерді ЖИ арқылы шешуге кірісті

Қазақстан климаттық мәселелерді ЖИ арқылы шешуге кірісті

Қазақстан Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютерді іске қосып, климаттық мәселелерді жасанды интеллект арқылы шешуге кірісті. Өңірлік экологиялық саммитте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек климаттың өзгеруі аймақ үшін үлкен қауіп екенін тағы бір еске салды. Мұздықтардың еруі мен су ресурстарына түсетін қысым ауыл шаруашылығы мен экономикаға тікелей әсер етіп жатыр. Қазақстан бұл сын-қатерлерге ғылым арқылы жауап беру үшін ондаған ауқымды жобаны жүзеге асыра бастады. Жасанды интеллект климаттық модельдеу, ерте ескерту және экологиялық мониторингте белсенді қолданылып жатыр. Сонымен қатар, 600 мыңға жуық студент Жасанды интеллект бағытында білім алған. Мақсат – ғылым, технология және экологиялық мәдениетті біріктіріп, нақты әрі тиімді шешімдерге қол жеткізу.


Бөлісу