Елордада екі күнде 150 жол апаты тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада екі күнде 150 жол апаты тіркелді

11.11.2019

Нұр-Сұлтан қаласында екі күнде 150 жол апаты тіркеліп, бір адам зардап шекті. Сондай-ақ, мұзға құлап жарақаттанған 60 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Төтенше жағдайлардың көбеюі қардың дұрыс тазартылмауынан дейді тұрғындар. Елорданың көп көшесі әлі де қар құрсауында жатыр.

Дәл қазір астанада 931 арнайы техника, 1713 адам қар тазалау жұмыстарымен айналысуда. 37 мың текше метр қар қаладан шығарылды.

«Астана тазалық» ЖШС бас директорының орынбасары Марсель Ұзақов қаладағы қарды толығымен тазалауға уақыт керектігін айтады.

 Синоптиктердің болжауынша, қараша, желтоқсан айларында жауын-шашын көп болады. Яғни қардың үстіне қар түсіп, жағдай онан сайын қиындауы мүмкін. Ал қазір арнайы құрылымдар күндіз-түні жұмыс істегенімен, елорданы қардан толық тазартып болар емес.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу