Елордаға қар түсіп, жолдар көк мұзға айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордаға қар түсіп, жолдар көк мұзға айналды

05.10.2021

Нұр-Сұлтанға қалың қар түсті. Түнімен жауған қардың қалыңдығы 15 сантиметрге жуық. Көлік жүрісі қиындап, 100-ге жуық жол апаты тіркелді. Көлік иелерінің көбі қысқы доңғалақтарын ауыстырып үлгермеген. Салдарынан, 1-2 шақырымға созылған кептелістер тіркелді. Қоғамдық көлік қозғалысы баяулап, жолаушылар жұмысқа кешікті. Ал, такси қызметі тарифті екі есе қымбаттатып жіберген. Қала әкімдігі берген ақпарат бойынша, көшелерді қардан тазалауға 500-ден аса арнайы техника және 2 мыңға жуық жұмысшы шыққан. Синоптиктердің сөзіне сенсек, алдағы үш күнде Қазақстан аумағының көп бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Жауын жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Қар жауады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Елордаға алғашқы қар 7-ші қазан күні түскен.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу