Алматыда бір күнде екі жол апаты болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бір күнде екі жол апаты болды

28.02.2022

Алматыда бірнеше көлік соқтығысып, салдарынан анасы мен 3 баласы зардап шекті. Бүлдіршіндердің ең кенжесі - небәрі 8 айлық. Жол апаты демалыс күндері Саин көшесінде болған. Оңтүстік бағытта келе жатқан «Renault Megane» жүргізушісі қатты жылдамдықпен келесі жолаққа өтпекші болғанда басқа көлікті қағады. Артынша рөлді басқара алмай, анасы мен 3 баласы отырған «Toyota Camry» көлігін соғады.

Апаттың салдарынан бір көліктен от тұтанады. Жақын маңдағы жүргізушілердің көмегімен жалын өшірілді. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері анасы мен балаларын қарап шықты. Олар ауруханаға барып қаралудан бас тартқан. 

Сондай-ақ Саин көшесіндегі тағы бір жол апатынан шетелдік көлік аударылып қалды. «Daewoo Nexia» жүргізушісі Райымбек көшесіне қарай жолайырыққа оңға бұрылмақшы болып, артынша бағытын өзгертеді. Мұндай жедел әрекетті күтпеген артындағы «Toyota Camry» тоқтап үлгермей, көлікті қағып өтеді. Соққыдан бір жағына қарай аударылып, бірнеше метрден соң төңкеріліп кетеді. «Toyota Camry» жүргізушісі жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Хабарламаларға жазылу