Гонконгта шерулер 24-ші аптаға ұласып отыр. Оған қатысушылар бүгін де полициямен қақтығысты. Ал тәртіп сақшылары рас оқ атып, бір шерушіні жаралады. Сонымен қатар қауіпсіздік күштері демонстранттарға бұрыш шашып жатыр. Одан бір әйел зардап шекті.
Айта кетсек, өткен аптада манифестанттарды күшпен тарату кезінде бір студент биіктен құлап кетіп қаза тапты.
Жергілікті полиция осымен үшінші рет наразы жастарға шын оқ жаудырды. Мұндай оқиғалар қазанның 1-і мен 4-інде де болған еді.
Гонконгта шерулер қылмысты деп танылған адамды Қытайға экстрадициялау туралы заңға қарсылық ретінде маусымда басталды. Бірақ ол құжат күн тәртібінен алынып тасталса да, тұрғындар өздерінің демократиялық құқықтарын кеңейтуді талап етіп, билікке қарсы акцияны жалғастырып жатыр.
Арыстан Рысбек