Эво Моралес тақтан түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эво Моралес тақтан түсті

11.11.2019

Боливия президенті Эво Моралес отставкаға кететінін жариялады. Мұның алдында оған әскерилер орнынан түсу туралы талап қойған. 

Моралес оңтүстікамерикалық мемлекетті 14 жыл басқарып, қазанның 20-ында өткен президенттік сайлауда тағы да жеңіске жетті. Бірақ содан кейін жүргізілген аудит дауыс беру кезінде заңның өрескел бұзылғанын әшкерелеп берді. 

Президент өзінің қызметтен кетуін тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған шара және «азаматтық төңкерістің» нәтижесі деп атады. 

Боливияда оған қарсы шерулер бірнеше апта бұрын басталды. Ал оппозиция жақтастары ел астанасы Ла Пас қаласының орталық алаңына жиналып, «Диктаторды құлаттық!» деп ұрандатты.

Моралестің билігі тұсында Боливия аймақтың ең мықты экономикасына айналып, кедейлер саны 50 пайызға дейін азайды. Бірақ мемлекет басшысының билікте ұзақ қалу ниеті оппозицияны ғана емес, байырғы үндістерді де қатты ашындырып, мұның соңы ауқымды демонстрацияларға ұласты.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу