10 ауыл әйелдеріне 1,5 миллион теңгеден берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 ауыл әйелдеріне 1,5 миллион теңгеден берілді

08.11.2019

10 әйелге бір жарым миллион теңгеден берілді. Бұл олардың шағын бизнес бастауларына қолдау. Мұндай мүмкіндік ауыл әйелдерінің республикалық форумы аясында жүзеге асырылып отыр. Жалпы елдімекендердегі қыз-келіншектерге қаржылай демеу жасау 7 жылдан бері жүргізіліп келеді. Сол аралықта 13 мыңнан астам әйел семинар-жаттығуларға қатысып, жобаларын қорғап қайтарымсыз гранттарға қол жеткізген. Елімізде «Тұрақты даму мақсаты-2030» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары агросаланы көтеру, ауыл тұрмысын жақсарту бағытында жеке ірі компаниялармен жұмыс істейді. Қаржы тартады. Бұл бағытта мемлекеттік бағдарламалар да бар. Бірақ оның жүйелі және көп жағдайда нәтижелі болмайтынын депутат былайша түсіндірді.

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мемлекет тарапынан заңымыз да жақсы, бағдарламамыз да жақсы. Бірақ соны әрі қарай өмірге өткізуге біз қадам жасамаймыз. Сол жаман. Себебі ақша да бөлініп жатыр. Бірақ шенеуніктер кабинетте отырамыз да басқарамыз. Олай болмайды. Адамдармен кездесу керек, адамдармен сөйлесу керек. Оларды үйрету керек. Ондай еңбегіміз мың есе ертең қайтады.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу