АҚШ Париж келісімінен шықпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Париж келісімінен шықпақ

05.11.2019

АҚШ Париж климаттық келісімінен шығуға өтініш берді. Осылайша президент Дональд Трамп әкімшілігі ғаламлық температураның көтерілуімен күрес туралы пәтуадан кетуге алғаш рет ресми қадам жасап отыр. Трамп болса, осы шешім арқылы Американың мұнай, газ және көмір өнеркәсібін өркендетуден үмітті. Ақ үй басшысының ойынша, аталған келісім экономиканың дамуына кедергі. Алайда демократтар Трампты келесі жылғы сайлауда жеңіп, елді бұл құжатқа қайта оралтуан үмітті.

Құрама Штаттар Париж келісіміне 2015 жылы қол қойып, 2025 жылға дейін өндірістен атмофераға тарайтын улы қалдықтар мөлшерін 2005 жылғы деңгейден 26-28 пайызға қысқартуға уәде етті. Дегенмен Трамп мәлімдегендей, АҚШ бұл мақсатты орындайтын болса, әлемдік экономикалық бәсекеде Қытайға есе жіберуі мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу