Табиғат аясында серуендеу физикалық тұрғыда ғана емес, рухани жағынан да өте пайдалы. Шығыс Қазақстанның қазыналы қариялары жастарға телефонға телміріп үйде отыра бермей, табиғатта көбірек қыдыруға кеңес береді. Осы тақырып Зайсан ауданында арнайы ұйымдастырылған семинар барысында талқыланды.
«Рухани қазына» деген атаумен өткен шараға қатысушылар тарихи жәдігерлер және қолөнер бұйымдарының көрмесін де тамашалады. Сонымен қатар, осы өңірдегі кітапханашылар да баяндама жасап, жан-жақты білімді, жандүниесі бай, бәсекеге қабілетті болу үшін кітап оқу маңыздылығын айтты.
Жалпы, жыл басынан бері ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 200-ге жуық шара өтті.
Мұратхан Домбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі:
Табиғаттың берері өте мол. Ондағы дүниенің барлығы адамға өнер сыйлайды, рухани күш сыйлады. Табиғаттың өзі шебер дегендей, өнер туындылары көзге көрініп тұрады. Ағаштың бұтағы немесе тамырын кішкене ғана өңдеп, таза өзін ғана әкеліп, бояп қойса, бір өнер туындысы шығады.
Берік Көшербай