Сауд Арабиясында мемлекеттік мұнай компаниясының акциялары сатылмақ
Сауд Арабиясының мемлекеттік «Арамко» мұнай компаниясы таяуда биржаға акция шығармақ. Мұны бүгін осы елдің энергетика министрі – ханзада Әбдуләзиз Салман эр-Риядта ашылған «Болашақ инвестициялық бастамалар форумында» мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл шешімді тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман қабылдаған.
«Арамко» тәулігіне 10 миллион баррель мұнай шығарып, әлемдік нарықтағы көмірсутегіне сұраныстың 10 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Болжамдарға қарағанда, компанияның 2 пайыз акциясы әр-Риядтың Тадавул биржасында қарашаның 3-де сатыла бастайды. Ал, корольдік үкіметі құнды қағаздар саудасынан түскен қаражатты шикізатқа тәуелді экономиканы әртараптандыруға бағыттауды жоспарлап отыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29