Лондонда қазақ киносының апталығы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда қазақ киносының апталығы өтеді

25.10.2019
Лондонда қазақ киносының апталығы өтеді

28 қазанда Лондонда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР-ның Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі елшілігі және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының ұйымдастыруымен қазақ киносының апталығы өтеді.

Мәдени шара Ауғанстаннан елге оралған қандастарымыз туралы «Оралман» фильмімен ашылмақ. Сондай-ақ, шара аясында «Қазақфильм» киностудиясы шығарған өзге да кинотуындылар көрсетіледі. Мәселен, Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» тарихи драмасы, Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» фильмі, Ермек Тұрсыновтың «Шал» туындысы көрермен назарына ұсынылады. Ал қазақ киносы апталығының жабылу салтанатында «Айка» фильмі көрсетіледі. Бұл фильмнің көрсетіліміне режиссер Сергей Дворцевой және актриса Самал Еслямова қатысады.

Айта кетейік, отандық фильмдер Лондондағы Vue West End кинотеатрында көрсетілмек.

Хабарламаларға жазылу