Мектеп оқушылары қолөнер бұйымдарын жасауды тегін үйреніп жүр
Елорда мектептерінде оқушылар қазақтың ұлттық қолөнерін тегін үйреніп жүр. Осындай игі жобаны қолға алған білім ордасының бірінде балалар қолымен жасалған бұйымдардың көрмесі ұйымдастырылды. Мәселен, бас қаладағы №4 мектепте киіз басу, жүн түту сынды көне қолөнер түрлері дәріптеліп келеді. Оқушылар 6 жылдан бері жүннен түрлі инсталляция өріп, қыштан құмыра жасап, тоқыма тоқудың жаңа технологиясын меңгеріп жүр. Бастысы, аталмыш қосымша сабақтар тегін өтеді.
Мектеп басшылығының айтуынша, алдағы уақытта осындай үйірмелерге қатысқандарға сертификат беріп, колледждерге түсуге жеңілдік жасамақ. «Әзірге осы іспен айналысып жүрген 60 бала бар, бірақ қызығушылық күн сайын артып келеді,» - дейді мұғалімдер.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16