«Брексит» жөніндегі келісім дайын емес
Бүгін Брюссельде Еуропа одағының «Брексит» жөніндегі шешуші саммиті басталады. Алайда, Ұлыбританияның осы блоктан шығуы жөніндегі келісімі әлі дайын емес. Уақыт болса аз: екі жақ қазанның 31-інде ажырасуы тиіс. Тараптарды тығырыққа тіреген басты мәселе – екі Ирландия шекарасы. Лондон қазіргі келісім жобасын қолдайтын болса, Солтүстік Ирландия іс жүзінде одақ құрамында қалып қоймақ.
Егер британ премьер-министрі Борис Джонсон парламенттің көңілінен шығатын өзге «брексит» жобасын ұсына алмаса, корольдіктің одақтан шығу мерзімі тағы да кейінге шегеріледі. Мұндай жағдайда үкімет басшысын отставкаға жіберу мәселесі күн тәртібіне шығуы мүмкін.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29