Киевте мыңдаған адам марш өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киевте мыңдаған адам марш өткізді

15.10.2019

Киевте мыңдаған адам марш өткізіп, президент Владимир Зеленскийдің Мәскеумен Донбассқа автономия беру туралы келісім жасауына қарсылық білдірді. Шеруге қатысқан 20 мыңдай адам «Тізе бүкпейміз» деп ұрандатқан. 

Украина мен Ресей Донецк және Луганск облыстарының ресейшіл сепаратистер басып алған аудандарына арнайы мәртебе беруге өткен айда уағдаласты. Және де Киев майдан шебінен әскерін әкетуге келіскен. Дегенмен, Зеленскийдің ойынша, осы бейбіт жоспардың нәтижесінде Донбасста бейбітшілік орнап, Ресеймен арадағы шекара Украинаның бақылауына өтеді. 

Президент дүйсенбі күні шығысқа барып, жауынгерлермен, офицерлермен кездесіп, оларды Отан қорғаушылармен күнімен құттықтап, марапаттап қайтты. Және де Зеленский 2014 жылы елдің өз қауіпсіздігіне сеніп, соғысқа әзір болмағанына өкініш білдірді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу