Нұр-Сұлтанға газ келесі жылдың күзінде келеді. Бүгін Үкіметте өткен брифингте Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов осылай деді. Оның сөзінше, қазіргі күні жергілікті билік газ тарату желілерінің жұмыстарын жүйелі жүргізіп жатыр. Сәтін салса, жылу электр станциялары мен аудандарды газдандырудың 9 кезеңінен тұратын алғашқы іске қосу кешені 2020 жылдың күзінде аяқталмақ. Бас қалада газ тарту жүйелерінің құрылысы өткен айда басталған еді. Айта кетейік, бүгінгі таңда ел аумағында халықты газдандыру деңгейі 50 пайызға жеткен.
Махамбет Досмұхамбетов, ҚР Энергетика бірінші вице-министрі:
Біз жоспар бойынша, ұзындығы 1061 шақырым болатын «Сарыарқа» магистралды газ құбырының құрылысын биыл аяқтауымыз тиіс болатын. Бүгінде кемі 1050 шақырым құбыр дәнекерленген, қазір олар төселіп жатыр. Яғни жақын уақытта құбыр жұмыстары аяқталады деп ойлаймын.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ