Мәскеуде 20 мыңнан астам адам шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде 20 мыңнан астам адам шеруге шықты

30.09.2019

Мәскеуде 20 мыңнан астам адам көшеге шығып, жазда өткен митингілерде ұсталғандарды босатуды талап етті. Сонымен қатар, демонстранттар полицияны дөрекілік үшін айыптап отыр. 

Айта кетсек, шілдеде Ресей астанасында мыңдаған адам бірқатар үміткерлердің сайлаудан аластатылуына қарсылық білдіріп, шеруге шығып, оның соңы қақтығысқа ұласты. Және де сол акциядан кейін бірнеше адам төрт жылға дейін сотталып, кейбір оппозиционерлер тәртіп сақшыларына шабуыл жасады деген күдікпен тергеуге тартылып отыр. 

Бұл жолы саяси тұтқындарды қолдау шарасы Мәскеу мэриясының рұқсатымен өтті. Оны ұйымдастырушылардың есебінше, жексенбідегі митингке кемінде 25 мың адам жиналған. 

Бақылаушылардың ойынша, бұл акция Владимир Путин билігіне қауіп төндіріп тұрған жоқ. Дегенмен, ел табысы бірнеше жылдан бері азайып, азаматтардың зейнетке шығу жасы көтерілгендіктен Кремль басшысының рейтингі төмендеп барады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу