Электрондық темекіден 13 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электрондық темекіден 13 адам қайтыс болды

27.09.2019

АҚШ-та электрондық темекіден ауруға шалдыққандар көбейіп келеді. Олардың саны 800-ден асып, қайтыс болғандар қатары 13-ке жетті. Мұны осы елдің Ауруларды бақылау мен алдын алу орталығына сілтеме жасап, Associated Press агенттігі хабарлады. 

Орталықтың дерегінше, науқастар саны бір аптаның ішінде 52 пайызға өскен. Олардың электрондық сигарет шеккеннен кейін өкпесі ауырып, тыныс алуы қиындаған. Шағымданушылардың жағдайы шылым патронымен марихуананың ғана емес, кәдімгі никотиннің де түтінін жұтқаннан кейін нашарлаған. 

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы электрондық темекінің зиянсыздығы дәлелденбегенін ескертті. Сонымен қатар, әлемнің 40-қа жуық мемлекеті э-сигареттер мен никотиндік сұйықты саудалауға тыйым салып отыр. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу