«Nur Otan» партиясы бақылау комитетінің жұмысы күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» партиясы бақылау комитетінің жұмысы күшейтіледі

26.09.2019

Әсіресе, өңірлерді дамыту, ондағы бюджетті тиімсіз жұмсауды қадағалау қолға алынбақ. Қазір партиялық бақылаудың 239 аймақтық комиссиясы бар. Олар партиядан тыс белсенді азаматтарды да қолдауы керек. 

«Өңірдегі мәслихат депутаттары қоғаммен байланыс орнату үшін әлеуметтік желілерде белсенділік танытқаны дұрыс», - деді партия төрағасының бірінші орынбасары. Бауыржан Байбектің сөзінше, партияның алдағы жоспары қайта жаңғыру, ядролық электоратты үйлестіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту мен басқа да маңызды жұмыстарды шешуге бағытталған. 

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Осы міндеттерді сапалы шешу біздің партиямызға түбегейлі жаңаруды ғана емес, саяси көшбасшылықты нығайтуға, сайлаушылардың сенімін ақтауға мүмкіндік береді. Бұл мәселеде партиялық бақылау комитеті бақылаушы орган ретінде партия төрағасы қойған міндеттердің орындалуын жүйелі түрде бақылау мен мониторгинг жүргізеді. 

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу