Шымкентте Ұлттық театрлар фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте Ұлттық театрлар фестивалі өтеді

02.04.2015
Шымкентте Ұлттық театрлар фестивалі өтеді

Қазақстан ұлттық театрларының ІІІ республикалық фестивалі биыл Шымкент қаласында өтеді.

5-сәуірде басталатын өнер байқауында еліміздегі қазақ, орыс, неміс, корей, ұйғыр және өзбек театрлары бақ сынасады. Фестивальге белгілі актер Асанәлi Әшiмов бастаған ең беделдi театр әртістері мен сыншылары қазылық етедi.

Қатысушылар «Үздік қойылым», «Үздік режиссуралық жұмыс», «Үздік бейне» аталымдары бойынша марапатталады.  

Фестиваль Ассамблея жылы және Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылып отыр.

Сондықтан, сахналанатын қойылымдар да осы тақырыптарды қамтымақ. Этникалық театрлар қазақ авторларының шығармаларын төл тiлдерiнде сөйлетеді. 

Асхат Маемиров, «Қазақ әуендері» АҚ президенті:

Шымкенттің орыс драма театры тарихи «Ант» шығармасын сахналамақ. Ал, корей театры Мағжан мен Зылиханың өмірі туралы қойылым көрсетеді. Әрине, өте қиын. Сондықтан, ұжымның, басшының, режиссердің, актерлердің, шығармашылық труппаның еңбектері көрінеді.    

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу