Тілдер күні қарсаңында 20-ға жуық тіл жанашырлары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тілдер күні қарсаңында 20-ға жуық тіл жанашырлары марапатталды

20.09.2019

Биыл – «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына — 30 жыл. Ана тіліміздің абыройын арттырып, мерейін өсіріп жүргендер мереке қарсаңында марапатталды. Республика көлеміндегі тіл жанашырларына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алғыс хаты» берілді. Олардың қатарында Мырзатай Жолдасбеков, Мұхтар Шаханов, Амангелді Айталы, Смағұл Елубай, Асылы Осман, Сәуле Мешітбай, Сайлау Батыршаұлы, Кенжехан Матыжанов, Дос Көшім, Қайнар Олжай, Камал Әлпейісова, Еркін Қыдыр, Максим Рожин сынды мемлекеттік тілдің кең көлемде қолданылуына зор үлес қосып жүрген тұлғалар бар.

Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет және қоғам қайраткері:  

Қазақ халқы ғана Ана тілі деп атайды. Өзге халықтарда олай емес. Мен осы заңның қабылданған кезінде ҚазОртПартия Комитетінің идеология бөлімінің меңгерушісі едім. Ө.Жәнібеков дейтін ағамыз идеология жөнінде хатшысы болатын. Бұл үлкен майдан болды, үлкен күрес болды. Біз бақытты халықпыз. Осыны көрдік, жақсылықты.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу