Сот тілі қазақша сөйлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот тілі қазақша сөйлейді

20.09.2019

Сот тілі қазақша сөйлейді. Бүгін Президенттің халыққа Жолдауын талқылаған Нұр-Сұлтан қаласы сот саласының өкілдері осындай тоқтамға келді. Себебі Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді»,- деді. Шынымен, мемлекеттіліктің басты белгісінің бірі – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, тұтынуын тереңдету сынды ой-пікірлер, үгіт-насихаттар бүгінгі күні аз айтылып жатқан жоқ. Бірақ нәтиже мардымсыз. Яғни мемлекеттік органдардағы жұмысты қазақ тілінде жүргізудің қазіргі ахуалы аянышты күйде. Сот саласындағы жағдай да осы. Олқылықтың орнын толтыруды мақсат еткен отырыста, қазақ тілін дамытудың тың тетіктері қарастырылды.

Мұрат Жолдыбаев, Нұр-Сұлтан қалалық сотының судьясы:

Жүргізу тілі азаматтық немесе қылмыстық істер бойынша біз сот тергеуімен, алдын ала тергеу жүргізу органдарының жұмыстары, біздің қорғаушы адвокаттардың талап-арыздары қай тілде дайындалса, сол тілде соттың жүргізілуі туралы сұрақтар бойынша жұмыстар жүргіземіз.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ 


Хабарламаларға жазылу