Елордада салынып жатқан жаңа қазақ драма театры келер жылы жазда қолданысқа беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада салынып жатқан жаңа қазақ драма театры келер жылы жазда қолданысқа беріледі

20.09.2019

Елордада салынып жатқан жаңа қазақ драма театры келер жылы жазда, нақтырақ айтсақ, шілденің 6-сы күні қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Президент көмекшісі Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Президент көмекшісі жаңа мәдени ғимараттың құрылысы қарқынды жүріп жатқанына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев қазақ драма театры Елбасының тікелей тапсырмасымен салынып жатқанын, оның эскизін Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі мақұлдағанын атап өтті. Мемлекет мәдениет пен руханиятқа үнемі үлкен мән береді. «Сондықтан өнер инфрақұрылымын дамыту, бұл саланы қолдау жалғаса береді», - дейді Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Президентінің көмекшісі:

Елордада Елбасының тікелей тапсырмасымен «Астана-Опера», «Астана-Балет» театрлары, «Шабыт» ғимараты салынғаны белгілі. Бұл театрлар бүкіл Қазақстанның мақтанышына айналды. Осындай жұмыстар жалғасып жатыр. Елбасымыздың тапсырмасымен осындай керемет театр ғимараты салынып жатыр. Және осы мәселелердің барлығын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әрі ақарай саясатының сабақтастығымен жалғастырып, өзінің жеке бақылауында ұстап отыр.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу