Түркияға С-400 зымыран жүйесі тағы жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияға С-400 зымыран жүйесі тағы жіберілді

16.09.2019

Ресей Түркияға С-400 зымырандық қорғаныс жүйесінің екінші батареясын жөнелтті. Ракеталық кешен тиелген ұшақ Таяу Шығысқа сенбі күні аттанған. Бұл туралы бейнекадрларды Ресей қорғаныс министрлігі жариялап отыр. 

С-400-дің бірінші партиясы Анкараға шілдеде жөнелтілді. Содан кейін АҚШ Түркияны Ф-35 әскери ұшағын жасау бағдарламасын шығарып, тіпті президент Реджеп Тайып Ердоған үкіметіне санкция жариялайтынын ескертті. Дегенмен, Ақ үй басшысы Дональд Трамп ол уәдесін әзірге орындаған жоқ.

Вашингтонның ойынша, Түркия – НАТО-ның мүшесі. Сондықтан, ол Мәскеуден әскери техника сатып алмауы керек. Бұл талапты орындамаған Ердоған осы айда мәлімдеме жасап, Америкадан «Пэтриот» зымырандарын сатып алу үшін Трамппен келіссөз жүргізетінін атап өтті.

 Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу