Ресей мен Сауд Арабиясы ОПЕК елдерін мұнай өндірісін қысқарту келісімін орындауға шақырды
Сауд Арабиясы мен Ресей ОПЕК елдері мен олардың одақтастарын мұнай өндірісін қысқару келісімін жақсырақ орындауға шақырды. Сондағы мақсат – энергетикалық шикізатты азырақ шығарып, оның әлемдік нарқын көтеру.
Қазір Нигерия мен Ирак «қара алтынды» шектен тыс өндіріп, бағаны түсіреді деген қауіп туындап отыр. Бұған қоса, АҚШ-Қытай сауда соғысы ғалам экономикасының өсімін тежеп, мұнайға сұранысты азайтуы мүмкін.
Сәрсенбі күні бұл шикізат бағасы екі пайызға төмендеді. Бұған Құрама Штаттар президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы санцияларды жеңілдету жолдарын қарастырып жатқаны туралы хабар себепші. Ол мәлімет расталса да Тегеранның экспорты күшейіп, баға тіпті құлдырайды деген қауіп бар.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29